Тәртіп сақшылары республиканың оңтүстік өңірлерінен Солтүстік Қазақстан облысына героин жеткізу арнасын жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәртіп сақшылары республиканың оңтүстік өңірлерінен Солтүстік Қазақстан облысына героин  жеткізу арнасын жойды

Тәртіп сақшылары республиканың оңтүстік өңірлерінен Солтүстік Қазақстан облысына героин жеткізу арнасын жойды

АСТАНА. 17-сәуір. Kazakhstan Today. Тәртіп сақшылары республиканың оңтүстік өңірлерінен Солтүстік Қазақстан облысына героин жеткізу арнасын жойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінен хабарлады.

  • 17 Сәуiр 2007
  • 362
Фото - Caravan.kz

Комитет ақпаратына сәйкес, көліктегі Орталық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлері Қызылорда мен Петропавловск арасында қатынайтын жолаушылар поезынан есірткі тасушыны ұстады. «Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Оның сөмкесінен 2 килограммға жуық героин табылып тәркіленді. Бұл 9,5 мыңнан астам доза»,- дейді тәртіп сақшылары.

Есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің мәліметтерінше, «бақылаудағы жеткізілім» әдісі бойынша одан әрі жүргізілген жедел іздестіру шараларының барысында Петропавловскіде есірткіні беріп жатқан сәтте қылмысқа қатысушы сыбайлас әйел қолға түсті.

«Қылмыстық іс қозғалды, қазір аталмыш қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтауға шаралар қолданылуда», деп хабарлайды комитеттегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті