Елбасы запасқа шығару туралы және әскер қатарына шақыру жөнінде бұйрыққа қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы запасқа шығару туралы және әскер қатарына шақыру жөнінде бұйрыққа қол қойды

Елбасы запасқа шығару туралы және әскер қатарына шақыру жөнінде бұйрыққа қол қойды

АСТАНА. 18 сәуір. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мерзімдерін өтеген әскери қызметкерлерді запасқа шығару және республика азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан айларында кезекті әскери борышын өтеуге шақырту туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

  • 18 Сәуiр 2007
  • 752
Фото - Caravan.kz

Хабарламада, «Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 8 маусымындағы «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңына сәйкес, қаулы етемін: Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ,ҚР ішкі істер министрлігінің ішкі әскерінің,ҚР ҰҚК шекара қызметінің, Республикалық гвардиясының, ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің қатарынан 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімдерін өтеген әсери қызметкерлерді запасқа шығаруды бұйырамын»,-делінген.

Құжатқа сәйкс, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері, ҚР ішкі істер министрлігінің ішкі әскері, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, Республикалық гвардиясы, ҚР төтенше жағдайлар министрлігі қатарына 2007 жылдың сәуір-маусым және желтоқсан айларында 18 бен 27 жас аралығындағы, кейінге қалуға құқығы жоқ немесе шақыртудан босатылмаған және оқу орындарынан шығарылған, 27 жасқа толмаған және тиісті мерзімдерін әскер қатарында өтемеген ер азаматтар әскер қатарына шақырылады.

Осыған байланысты жергілікті атқару органдарына әскери басқарманың жергілікті органдары арқылы азаматтарды әскер қатарына шақыртуды ұйымдастыру жүктелді.

ҚР Үкіметіне, ҰҚК, Республикалық гвардияға шақыртылғандарды әскери қызметтерін өтеуге жөнелту үшін және мерзімдерін өтеген әскерилерді запасқа шығару үшін қажетті материалдық және қаржы мәселесін қарастыру тапсырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті