Бакуде ТАЕ-ның Каспий бөлігінің құрылыс жобасы бойынша кездесу өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде ТАЕ-ның Каспий бөлігінің құрылыс жобасы бойынша кездесу өтеді

Бакуде ТАЕ-ның Каспий бөлігінің құрылыс жобасы бойынша кездесу өтеді

БАКУ. 18 сәуір. Kazakhstan Today. Трансазия-Еуропа оптикалық талшықты магистралды байланыс желісінің /ТАЕ/ Каспий бөлігін жүзеге асыру мәселесі Бакуде өткен әзербайжан-қазақстандық жұмыс тобының мәжілісінде талқыланады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Әзербайжанның байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Сәуiр 2007
  • 604
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның ақпаратынша, жұмыс тобының мәжілісі сәуірдің -18-і мен 21-і аралығында Бакуда өтеді.

Мәжілісті Бакуде өткізу туралы шешім 2006 жылы Шанхайда өткен жиналыста қабылданған болатын. Бұрынғы мәжілістерде тараптар екі елді құрылыс жұмыстарына дайындау мәселелерін қарастырған еді. Осыған орай жобаны жүзеге асыру үшін техникалық жақтан қамтамасыз ету жөнінде ақпараттармен алмасқан. Осы жиында ТАЕ учаскесінің құрылысын аяқтау мәселесі қаралады. Бұл бөлік Каспийдің түбімен өтіп Сиазань/Әзербайжан/ мен Ақтау /Қазақстан/ арасын жалғастырады»,-деп түсіндірді министрліктегілер.

Жобаның жүзеге асырылуы туралы тақырып кеше министр Әли Аббасов пен Түркияның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі Гусейн Авни Карслыоғлудың кездесуіне арқау болды.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, кездесуде тараптар Түркия мен Әзербайжанның байланыс және ақпараттық технологиялар аясында ынтымақтастықтарын өрбіте түсу жөнінде мәселе қарады.

Сонымен қатар, кездесуде Түркия, Қазақстан, Грузия мен Әзірбайжанның министрлер деңгейінде жиналып, осы елдердің қатысуымен ТАЕ Каспий бөлігінің құрылысын тездетіп бітіру мақсатында бірлескен консорциум құру жайы қарастырылды»,-деді министрлікте.

Ілгеріде хабарлағанымыздай, ТАЕ Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Иран, Түркия, Украина, Польша, Әзербайджан, Грузия, Армения, Беларусь, Румыния, Венгрия, Австрия, Пәкістан, Ауғаныстаннан кейін Майндағы Франкфуртта(Германия) аяқталады.

Дәл қазір бағыт Түркменстан мен Иран арқылы өтіп, Әзірбайжан аумағын айналып өтеді. Ал ТАЕ желісі Әзербайжан арқылы өтетін болса, ол бағытты 1000 шақырымға қысқартпақ. Бұл өз кезегінде ақпарат жөнелту уақытын жылдамдата түспек.

Қазақстан премьер министрі Кәрім Мәсімовтың Әзербайжанға сапары барысында ТАЕ Каспий бөлігінің құрылысын жылдамдату және жоба аясында таяу арада Түркия, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия арасында консорциум құруға келісті. ТАЕ Каспий бөлігінің құрылысы биылғы жылдың аяғына дейін басталатын болды.

Осыған дейін А.Аббасовтың хабарланындай, Каспий түбімен өтіп Қазақстан мен Әзербайжан арасын жалғайтын желінің құрылысы $ 7-10 млн. бағаланып отыр. Каспий арқылы өтетін, ұзындығы шамамен 400 шақырым. Жаңа желі — Трансазия-Еуропалық талшықты-оптикалық байланыс желісінің бір бөлігі болмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті