Мәжіліс көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. 18-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Көші-қон мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 18 Сәуiр 2007
  • 403
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасында оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын құру, оралмандарды эмиграциялық квотаға үкімет айқындайтын критерийлер мен тәртіпке сәйкес енгізу жайы қарастырылған.

2007-2009-жылдарда бейімдеу орталықтарын құруға бюджеттен 633,1 млн теңге бөлу қарастырылған. 2007-жылғы бюджетте тиісті қаржы көзделінген.

Заң жобасы сенатқа жолданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті