«Жүк жөнелтушілердің ақпараттарына сүйенсек, Ақтау айлағы арқылы Әзербайжан бағытына жоспарланған қазақстандық астық жөнелту көлемі 200 мыңнан астам тоннаны құрауы мүмкін. Бірақ Ақтау айлағының жобалық қуаты 600 мың тоннадан астам астықты құрайды, сондықтан да орта мерізімді болашақта Әзербайжан бағытындағы бұл көлем талап етіледі және де терминал қуатының кем дегенде 80 пайызы пайдаланылады «,- деді Д. Құтпанбаев.
Оның хабарлауынша, үстіміздегі жалы Ақтау айлағы арқылы жүк жөнелту көлемі жалпы 15 пайызға өседі деп күтілуде.
«Қазіргі уақытта Ақтау айлағы арқылы негізгі жүк ағымы мұнай мен мұнай өнімдеріне тиесілі. Айлақтың жобалық мұнай жіберу қуаты 12 млн тоннаны құрайды, ал 1,5 млн тонна құрғақ жүктің үлесінде. Бірақ, Баку астық терминалының пайдалануға берілуіне орай қазақстандық астық Әзербайжанға да, Таяу Шығыс пен Жерорта теңізі аймағына да жіберіледі»,- деді Д. Құтпанбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен Баку астық терминалының ашылу рәсімі өткен болатын. Болжам бойынша, терминалдың қуаты жылына 500-ден 800 мың тоннаға дейінгі астықты құрайды. Кәсіпорынның іс-қызметі тек Әзербайжанның астыққа деген мұқтаждығын қанағаттандырып қана қоймай, оны Грузия, Түркия және Солтүстік Африкаға экспорттауға мүмкіндік береді. «Баку астық терминалы» ААҚ Әзербайжан — Қазақстанның біріккен кәсіпорны болып табылады. Ол Әзербайжанның «Планета Л» және Қазақстанның «Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы» АҚ қатысуымен құрылған. Терминал Говсаны ауылында орналасқан.
Әзербайжанның астыққа деген жылдық мұқтаждығы 3 млн тоннадан асып жығылады, олардың 1 млн-нан астамы Қазақстан мен Украинадан тасымалданады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті