«XXI ғасырдың шынайылығы оның жанжалсыз жарқын болашағы туралы қиялын жоққа шығарды, халықаралық қатынастар жүйесі ғаламдық және аймақтық әлемде үдей бастаған қауіп- қатер алдында осал екен»,-деп атап өтті елбасы. «Бүгінде ғаламдық бақталастық принципіне әлемдік саясаттың басты қозғаушы күшін қайтарған «суық соғыс» кезіндегі геосаяси риториканы көп естиміз»,-деді Н.Назарбаев.
Президенттің пікірінше, қазіргі заманда ғаламдық проблемаларды шешудің оңай жолы жоқ. «Зұлымдық тек зұлымдықты туғызады, ксенофобия, күмәндану және үрей XXI ғасырдың жаңа індетіне айналып барады»,-деді ол.
Елбасының пайымдауынша, бүгінде өзара тәуелді болу боп саналатын, жаңаша дамудың кереметтілігі назардан тыс қалып барады. «Егер қайсібір ел тұрақсыздыққа ұшыраса, онда ғаламдық тұрақтылыққа қауіп төнеді. Ауғанстанды тас -талқан еткен халықаралық ланкестік әлемді жайлап барады. Жаппай қырып жоятын қаруды иелену , жаңа аймақтарды жаулап, әлемде жаңа проблемалар туғызып , жұқпалы дерт секілді жайылып барады»,- деді президент.
«Халықаралық қатынастар мен халықаралық қауіпсіздікке негіз болып отырған ғаламдық механизмдер өзгеруі тиіс»,-деді Н.Назарбаев. «Ғаламдық дұрыс ойлаушылық және жаппай жауапкершілік принциптерін негізге алатын кез келді»,-деп атап өтті президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті