Мәдениет министрлігі баспа қызметі туралы заң жобасын кері қайтарып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет министрлігі баспа қызметі туралы заң жобасын кері қайтарып алды

Мәдениет министрлігі баспа қызметі туралы заң жобасын кері қайтарып алды

АЛМАТЫ. 19 сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігі "Баспа ісі жөніндегі" заң жобасын кері қайтарып алды, құжатқа сәйкес, баспа қызметін көрсетуге лицензия енгізу жоспарланған болатын.

  • 19 Сәуiр 2007
  • 1609
Фото - Caravan.kz

«Біз кеше ведомствоаралық комиссияның отырысында баспа қызметі туралы заңты кері қайтарып алдық»,-деп хабарлады «Хабар» телеарнасының эфирінде мәдениет министрі Ермұхамет Ертісбаев.

Министрдің айтуынша, заң жобасы, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету ниетіне байланысты кері қайтарылды. «Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалық етуге талпынуда. Бұл ауқымды мақсат. Бұл Қазақстанға Еуропалық одаққа қосылуына мүмкіндік береді …Осыны ескере отырып біз бұл жобаны қоздырмауға тырысамыз»,-деді Е.Ертісбаев.

Министр заң жобаның уақытша кері қайтарылғанын баса айтты. «Өйткені Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарының бірі — баспа өнімі сапасының сертификациясы»,-деді Е.Ертісбаев.

Айта кетейік, мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген «Баспа қызметі туралы» заң жобасы, Қазақстанның журналистер ұйымы тарапынан келіспеушіліктер тудырды. «Шындығына келгенде бұл баспа кәсіпорындарының басқарушы мемлекеттік органдарға деген негізсіз тәуелділігін білдіреді, ел Конституциясында және азаматтардың ақпартты алу және тарату бостандығы және саяси құқығы жөніндегі Халықаралық пактіге шектеу қояды», -дейді баспа ісі жөніндегі нормаға түсінік берген журналистер.

Қазақстан үкіметі мен ЕҚЫҰ бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі мәселесі жөніндегі өкілі Миклош Харасти баспа қызметін лицензиялаудан бас тартуға шақырған. «Баспаларға лицензиялау талаптарын қою халықаралық стандарттарға қайшы келеді және ол сия мен қағаздарды беруге лицензия енгізумен бірдей»,-деді М.Харасти.

Сонымен қатар, министрдің хабарлауынша, оның ведомствосы «Интернет туралы» заң жобасын дайындаған. «Интернет туралы заң жобаны да әзірледік, бірақ ол АҚШ және Батыс Еуропа елдеріндегі киберқылмысқа, ланкестік ақпаратқа арналған сайттарға қарсы бағытталған»,-деді министр. Е.Ертісбаев мәселе «Интернетті саяси тұрғыда ретке келтіру» туралы емес екенін айтты. «Ол туралы ешқандай әңгіме жоқ. Бұл Интернет дәуірінде тіпті мүмкін емес»,-деді министр.

Министрлік аталған заң жобаны мемлекеттік органдардың қарауына ұсынуға асығар емес. «Бірақ, егер интернет сайттарды өткендегідей ұлттар арасында араздық туғызу мақсатында қолдану оқиғалары жалғасатын болса , біз бұл заңды ведомствоаралық комиссияның қарауына жоспарсыз ұсына аламыз»,-деді Е.Ертісбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті