Ресейлік полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, кеше Ақмола облысының Көкшетау қаласының тұрғыны Омбыға героиннің кезекті ірі партиясын сатпақ болып келген жерінен құрықталды. Күдікті есірткіні халықаралық бур трассаның бойында отырғызылған ағаштардың арасындағы жасырын жерге тыққан. «Есірткі бақылау қызметкерлері күдіктіні тек есірткіні жасырын жерден алғаннан кейін ғана ұстаған. Табылған героиннің жалпы салмағы 4 кг құрайды, бұл 40 мың доза»,- деп түсіндірді Т. Рощина.
Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, ұсталған ұзақ уақыттан бері Омбы өңіріне контрабандалық жолмен героиннің ірі топтамасын тасымалдаумен айналысқан. «Сондай-ақ, есірткі саудасынан түскен ақша-қаражат табысты өсіп келе жатқан заңды бизнеске салынып отырған»,- деп атап көрсетті есірткі айналымын бақылау жөніндегі Федералдық қызмет басқармасының ақпарат тобындағылар.
Есірткі айналымын бақылау жөніндегі Федералдық қызмет басқармасының тергеу қызметі Қазақстан азаматының үстінен Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 228-бабының 3-тармағы бойынша (өте ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау және сату) қылмыстық іс қозғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті