Қазақстан үкімет басшысы мен Молдованың өнеркәсіп және инфрақұрылым министрі екі жақты қарым-қатынасты дамыту мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкімет басшысы мен Молдованың өнеркәсіп және инфрақұрылым министрі екі жақты қарым-қатынасты дамыту мәселесін талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен Молдованың өнеркәсіп және инфрақұрылым министрі екі жақты қарым-қатынасты дамыту мәселесін талқылады

АСТАНА. 19-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Молдова Республикасының өнеркәсіп және инфрақұрылым министрі Владимир Антосияны қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Сәуiр 2007
  • 640
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында әңгімесушілер екі жақты, атап айтқанда, экономика саласындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың жай-күйін талқылады.

К. Мәсімов атап өткендей, «Біздің еліміз сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға өзара қызығушылығына қарамастан, оны одан әрі белсенді жүргізу үшін үлкен әлеует жетерлік». Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты қарқынды жүргізіп, көлемін арттырып, тауар айналымының құрылымын әртараптандыру және кеңейту керек,- деді ҚР премьер-министрі.

В. Антосияның айтуынша, «Қазақстан — қарқынды дамып келе жатқан мемлекет, ал, Молдова қазақстандық инвестицияға мүдделілілік танытып отыр». «Бүгінде Молдова Қазақстаннан инвестиция тартуға қызығушылық танытуда. Бұл үшін біз жақсы инвестициялық ахуал жасаймыз. Біз сондай-ақ қазақстан-молдова бірлескен кәсіпорындарын құрған болар едік, осылайша, Қазақстан Еуропаға шыққан болар еді»,- деп атап өтті Молдова Республикасының өнеркәсіп және инфрақұрылым министрі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті