ЕурАзЭҚ-тың бір шешуші міндеті - Шығыс пен Батыс арасында сауда көпірін құруға саяды - Рапота - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ-тың бір шешуші міндеті - Шығыс пен Батыс арасында сауда көпірін құруға саяды - Рапота

ЕурАзЭҚ-тың бір шешуші міндеті - Шығыс пен Батыс арасында сауда көпірін құруға саяды - Рапота

АЛМАТЫ. 19-сәуір. Kazakhstan Today. ЕурАзЭҚ-тың бір шешуші міндеті - Шығыс пен Батыс арасында сауда көпірін құруға саяды. Бүгін Алматыда ҮІ Еуразиялық медиа-форумда сөз сөйлеген ЕурАзЭҚ бас хатшысы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Сәуiр 2007
  • 468
Фото - Caravan.kz

«Біз ЕурАзия дегеніміз — Еуропа мен Азияның арасындағы көпір дегенді жиі айтамыз. Іс жүзінде сауда-саттық мәселесіне келсек, ол шынайы көпірге айнала алған жоқ. Біз қоғамдастық аясында түсінеміз және оны Шығыс пен Батыс арасында сауда көпіріне айналдыруды шешуші міндетке балаймыз»,- деп мәлімдеді ЕурАзЭҚ бас хатшысы.

Г.Рапотаның хабарлауынша, дегенмен, Шығыс Азия мен Батыс Еуропа арасындағы тауар айналымы жылына 600 млрд долларға жетіп отыр. «Еуразияның аумағы арқылы осы жалпы ағынның 1 проценті тасымалданады, ал қалған бөлігі теңізбен жүреді»,- деді ол.

«Егер біз оны нағыз көпірге айналдырғымыз келсе бұл ағынның көлемі анағұрлым артуға тиіс. Ал бұл толымды экономикалық ресурс. Бұл шикізатқа тәуелділіктен құтылу. Бұл экономикаларды дамытудың бір жолы»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті