Еуразиялық МедиаФорумға қатысушылар «Ядролық бағдарлама дербестік құқығы немесе қатерлі менмендік», «Құбыр саясатының ерекшелігі», «Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуі — «иә» және «қарсы», «Орталық Азиядағы Еуропалық одақтың саясаты» тақырыптарында екінші күн пікір таластыруда.
Талқылауларға Қазақстан Республикасының парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Америка кәсіпкерлік институтының ғылыми қызметкері Ричард Перл және басқалар қатысады.
Бұрын хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылы медиафорумға әлемнің 50 елінен 600-дей өкіл қатысуда. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Турікменстан, Грузия, Германия, Франция, Әзербайжан елдерінің саясаткерлері мен жетекші БАҚ-тарының өкілдері қатысуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті