Қазақстан Азияның ядролық қарудан бас тартуын жөн деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Азияның ядролық қарудан бас тартуын жөн деп санайды

Қазақстан Азияның ядролық қарудан бас тартуын жөн деп санайды

АЛМАТЫ. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Азияның ядролық қарудан бас тартуын жөн деп санайды. Бұл туралы бүгін Алматыда ҮІ Еуразиялық МедиаФорумда сөз алған Қазақстанның парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

  • 20 Сәуiр 2007
  • 446
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Азияның ядролық қарудан бас тартқанын жөн деп санайды және де біз ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қоя отырып, бұл жолда үлгі боларлық іс көрсеттік»,- деді сенат скипері.

«Қазақстан Солтүстік Кореядағы ядролық сынаққа байланысты наразылығын білдірді»,- деп еске сала кетті ол. «Қазақстанның ядролық арсеналдан бас тарту туралы шешім қабалдаған тәжірибесіне назар аудару қажет»,- деп атап көрсетті ол. «Нәтижесінде біз Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесінің біздің қауіпсіздігіміз туралы растауына қол жеткіздік»,- деп еске сала кетті ол.

«Біз Солтүстік Кореяның да өз қауіпсіздігінің кепілдігін талап ететіндігін білеміз, сондықтан да мен бұл мәселені сәйкес келіссөздерде қарастыру жөн деп санаймын»,- деп санайды Қ. Тоқаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті