Шығыс Қазақстан облысында 2007 жылдың бірінші тоқсанында 493 ғимарат салынған, олардың жартысына жуығы тұрғын үй - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында 2007 жылдың бірінші тоқсанында 493 ғимарат салынған, олардың жартысына жуығы тұрғын үй

Шығыс Қазақстан облысында 2007 жылдың бірінші тоқсанында 493 ғимарат салынған, олардың жартысына жуығы тұрғын үй

ӨСКЕМЕН. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында 2007 жылдың бірінші тоқсанында 493 ғимарат салынған, олардың 202 - тұрғын үй, ал 291-і адам тұрмайтын ғимарат. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының статистикалық басқармасынан хабарлады.

  • 20 Сәуiр 2007
  • 345
Фото - Caravan.kz

Басқарманың ақпараттарына сүйенсек, салынған ғимараттардың жалпы алаңы 48 356 шаршы метрді құраған.

Облыста ет, балық өңдеу, күнқағар майын, нан, мата, керамикалық тақтайша, пластикалық терезелер мен есіктер, жиһаздар өндіру орындары пайдаға берілді.

Сонымен қатар, 545 орынға арналған 11 кафе, 3 аялдама кешені, 2 жол қызметін көрсету кешені, 66 орынға арналған жабық көлік тұрағы, амбулаториялық-емхана мекемесі және де тағы басқа ғимараттар пайдаға берілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті