АЛМАТЫ. 20-сәуір . Kazakhstan Today. 20-сәуір — жұмада Қазақстан қор биржасында (KASE) теңгенің орташа бағамы бейсенбідегі көрсеткішпен салыстырғанда 0,81 теңгеге қымбаттап, бір долларға шаққанда 121,07 теңгені құрады.
Бүгін АҚШ доллары бойынша Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі 162,625 миллион долларды құрады. Ал кеше АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 116,405 млн. долларды құраған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті