АСТАНА. 20 — сәуір. Kazakhstan Today. Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмге қарсы істегі бұқаралық ақпарат құралдарының нақты ережесін әзірлеу керек, деп санайды. Мұндай пікірін бүгін «Халықаралық терроризм — мемлекет қауіпсіздігіне төнген қауіп» атты халықаралық ғылыми-практикалық бас қосуда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко мәлім етті.
«Терроризмге қарсы істегі медиялық қоғамдастық ережесін немесе кодексін әзірлеу уақыты жетті»,- деді В. Божко. Ол, «террористік пиғылдың алдын-алудағы бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны орасан зор» екендігін атап көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті