Алматыда жеңіл көлік пен автобустың соғылуы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жеңіл көлік пен автобустың соғылуы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақаттанды

Алматыда жеңіл көлік пен автобустың соғылуы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақаттанды

АСТАНА. 23 - сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда жеңіл көлік пен автобустың соғылуы салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды. Бұ

  • 23 Сәуiр 2007
  • 332
Фото - Caravan.kz


АСТАНА. 23 — сәуір. Kazakhstan Today. Алматыда жеңіл көлік пен автобустың соғылуы салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қаланың құтқару қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 21-сәуірде 7 сағат 56 минутта Әуезов ауданында Сайын мен Маречка көшелерінің қиылысында мемлекеттік нөмірі А701MAN «Ниссан-Максима» көлігі мен мемлекеттік нөмірі А610HRN № 106 бағдарлық автобусы соғылды, деген хабар келіп түскен.

Апат салдарынан жеңіл көліктің 24 жасар жүргізушісі «жедел жәрдем» келгенше оқиға болған жерде көз жұмған. Автобустың екі жолаушысы жарақат алып, № 7 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті