«Қазіргі уақытта министрлік тарапынан 10 — 15 тау шаңғысы базасын салу үшін тауларды зерттеу мақсатында халықаралық сарапшылар шақырылған»,- деп хабарлады Т. Досмұхамбетов.
«Біз Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында тау шаңғысы базасын салуға қатысты инвесторларды жан-жақты ынталандыруымыз қажет»,- деп қосты ол.
Министрліктің үкімет сағаты барысында таратқан баспасөз баянына сәйкес, Алматы облысында бес және Шығыс Қазақстан облысында екі тау шаңғысы базасын салу жоспарланған.
«Қазақстан халықаралық ірі тау шаңғысы туризмнің орталықтарының бірі бола алады және болуға тиіс»,- деп атап көрсетті Т. Досмұхамбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті