«Жалпы Қазақстан бойынша бірден жасау біз үшін қиынға түседі, сондықтан да аммерикандық «911» сияқты бірыңғай нөмірді тәжірибе ретінде Астанада енгізіп көрсек»,- деген ұсыныс жасады премьер-министр астанадағы құрылыс жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының барысында.
Үкімет басшысы Астана әкіміне Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлгімен және де Ақпараттану және байланыс агенттігімен «егжей-тегжейін» келісіп, «нөмірді ұйымдастыруға» тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті