Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың 23-сәуірдегі 18.00 жағдаймен аусыл дертін жұқтырған 52 ірі қараны өртеу жолымен жойған. Індет ошағында келесі іс-шаралар жүргізілуде: 899 ірі қара мен 1100 ұсақ мал індетке қарсы егілген. Ауыл маңындағы қауіпті аймақта — 393 ірі қара мен 400 ұсақ мал. Жалпы алаңы 4000 шаршы метрді құрайтын 22 қоражайға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген. Індет ошағының таралуының алдын-алуға байланысты жұмыстар жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, аусыл дертін жұқтырған алғашқы 38 бас Кеңгір ауылында 19-сәуірде анықталған болатын. Диагнозды «Республикалық мал дәрігерлік зертхана» РМКК Жезқазған аймақтық бөлімшесінің зертханасы қан сынамасын тексеру арқылы растаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті