Әкімшілік реформа мемлекеттік қызметтердің беделін көтеруге және сыбайлас жемқорлықты жеңуге мүмкіндік береді - премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әкімшілік реформа мемлекеттік қызметтердің беделін көтеруге және сыбайлас жемқорлықты жеңуге мүмкіндік береді - премьер

Әкімшілік реформа мемлекеттік қызметтердің беделін көтеруге және сыбайлас жемқорлықты жеңуге мүмкіндік береді - премьер

АСТАНА. 24 - сәуір. Kazakhstan Today. Әкімшілік реформа мемлекеттік қызметтердің беделін көтеруге және сыбайлас жемқорлықты жеңуге мүмкіндік береді, деп санайды Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Кәсімов.

  • 24 Сәуiр 2007
  • 940
Фото - Caravan.kz

«Біз мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін адамдар үшін оның тиімді және абройлы болуына, олар өздерінің тиісті жалақысын сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен емес, атқарған жұмыстарын қарай, және де «адалдықпен» алатын жағдай жасаймыз»,- деді үкімет басшысы бүгін баспасөз мәслихатында.

Үкімет басшысы сондай-ақ, әкімшілік реформаны жүзеге асыру аясында елімізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі шешілетіндігін атап өтті. «Қазақстан — бұл экономикасы екпінді қарқынмен дамып келе жатқан ел, бірақ, меніңше мемлекеттік құрылымдар халық қалауына сай емес. Сондықтан да біз бұл жұмысты жақсартуға тиіспіз, және де бұл әкімшілік жұмыстың бір бөлігі болып табылады»,- деп атап өтті ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті