Қазақстанда жыл басынан бері есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 39 шетелдік құрықталған - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жыл басынан бері есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 39 шетелдік құрықталған

Қазақстанда жыл басынан бері есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 39 шетелдік құрықталған

АСТАНА. 24 - сәуір. Kazakhstan Today. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан аумағында есірткіге байланысты қылмыстар жасағаны үшін 39 шетел азаматы құрықталған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрілігінің есірткі бизнесімен күрес комитетінен хабарлады.

  • 24 Сәуiр 2007
  • 393
Фото - Caravan.kz

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, есірткі қылмысы үшін ұсталғандардың арасында — Ресей Федерациясының 16 азаматы, Өзбекстанның — 10, Қырғызстанның — 9 азаматы бар. Қазақстанда жыл басынан бері барлығы 2849 есірткі қылмысы жасалған, соның ішінде 50 есірткі контарбанда дерегі тіркелген.

Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында еліміздің құқық қорғау органдары заңсыз айналымнан 1,5 тоннадан астам әртүрлі есірткі заттары, соның ішінде 40 кг жуық героин тәркілеген. Бұл өткен жылмен салыстырған екі есе артық. Сондай-ақ, 60 астам өте ірі көлемдегі есірткі тәркілеу дерегі тіркелген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті