Алматы облысында жүк поезді екі адамды басып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жүк поезді екі адамды басып кетті

Алматы облысында жүк поезді екі адамды басып кетті

АСТАНА. 25 - сәуір. Kazakhstan Today. Алматы облысында жүк поезді екі адамды басып кетіп, екеуі де қайтыс болды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 25 Сәуiр 2007
  • 429
Фото - Caravan.kz

Жол-көлік оқиғасы 24-сәуір күні кешке Жамбыл ауданында «Қазыбек би» темір жол бекетінде болған. «38 жасар машинист жүргізіп келе жатқан Алматы І — Отар бағытындағы № 3011 жүк поезді 1975-жылы туған бір еркек пен әйелді соғып кеткен, олар алған жарақаттар салдарынан оқиға болған жерде қайтыс болды»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті