ҚР мен РФ есірткі бизнесімен күрес қызметтері мамырда есірткі сатумен күресуде ынтымақтастық жасасу туралы келісімге қол қоймақ - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР мен РФ есірткі бизнесімен күрес қызметтері мамырда есірткі сатумен күресуде ынтымақтастық жасасу туралы келісімге қол қоймақ

ҚР мен РФ есірткі бизнесімен күрес қызметтері мамырда есірткі сатумен күресуде ынтымақтастық жасасу туралы келісімге қол қоймақ

АСТАНА. 25 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерециясының есірткі бизнесімен күрес қызметтері мамырда есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен күресуде ынтымақтастық жасасу туралы келісімге қол қоймақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес комитетіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Сәуiр 2007
  • 344
Фото - Caravan.kz

Кеше Астанада осы мәселені Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес комитетінің төрағасы Маратқали Нүкенов пен Ресей Федерациясының есірткі айналымын бақылау жөніндегі Федералдық қызметі директорының орынбасары Олег Харичкин талқылады.

Жалпы кездесуге қатысушылар нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін, өзара ақпарат алмасу мәселелерін талқылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті