Құжатқа бүгін Астанада Қазақстанның Бас прокуроры Рашид Түсіпбеков пен оның тәжік әріптесі Бободжон Бобохоновның кездесуінің қорытындысы бойынша қол қойылды.
Кездесуге қатысушылар қылмыспен күрестегі өзара ықпалдастық мәселелерін, сондай-ақ прокурорлық іс-қызметтің басқа да аспектілерін талқылады. Сонымен қатар, екіжақ қылмыспен күрес саласында тұрақты негізде нормативтік құқықтық актілермен, анықтамалық, әдістемелік, ақпараттық-аналитикалық және басқа да материалдармен алмасуға, прокурорлық іс-қызметті жүзеге асыру барысында жұмыс тәжірибелермен, құқықтық саладағы реформалар туралы ақпараттармен алмасуға келісті.
«Кездесу іскерлік жағдайда, достық тұрғыдан және де өзара түсіністікпен өтті»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті