Қызылордада 180-нен астам бала астан уланды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада 180-нен астам бала астан уланды

Қызылордада 180-нен астам бала астан уланды

АСТАНА. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Қызылордада 183 бала астан уланды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Сәуiр 2007
  • 402
Фото - Caravan.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, № 8 мектеп-интернатынан (оқушылардың жалпы саны 396, ал 270 бала интернатта өмір сүреді) 25-сәуірдің 20 сағат 30 минутынан бастап 26-сәуірдің 06 сағатына дейін астан уланған әртүрлі жастағы 137 бала облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына (олардың ішінде 12 бала жансақтау бөлімшесінде жатыр, қалғандарының ахуалдары орташа деп бағалануда) және 6 адам (ахуалдары орташа) «Денсаулық» ЖШС жекеменшік ауруханасына жеткізілген.

Сонымен қатар, № 1 мектеп-интернатынан (118 адам тұрақты өмір сүреді) 26-сәуірдің 02 сағатынан бастап 06 сағатына дейін «Денсаулық» ЖШС жекеменшік ауруханасына 25 адам (ахуалдары орташа) жеткізілген.

Сондай-ақ, облыстық туберкулезге қарсы балалар шипажайынан (126 бала емделуде) 26-сәуірдің 05 сағатында 15 баланың астан уланғандығы туралы хабар келіп түскен. Балаларға сол жерде медициналық көмек көрсетілген, олардың жағдайлары орташа.

Қазіргі уақытта штабтың күшімен төтенше оқиғаның салдарын жоюға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Астан жаппай улануға сүт өнімдері себеп болуы мүмкін деген болжам жасалуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті