Маңғыстау облысында І-тоқсан қортындысы бойынша 3,7 кг астам есірткі заттары тәркіленген - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында І-тоқсан қортындысы бойынша 3,7 кг астам есірткі заттары тәркіленген

Маңғыстау облысында І-тоқсан қортындысы бойынша 3,7 кг астам есірткі заттары тәркіленген

АҚТАУ. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Үстіміздегі жылдың үш айында Маңғыстау облысының құқық қорғау органдарында 65 есірткі қылмысы тіркелген, ал 2006 жылы осы кезеңдегі көрсеткіш 48 құраған болатын. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Сәуiр 2007
  • 573
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, есеп беру кезеңінде анықталған қылмыстар саны 35,4 пайызға өскен. Үстіміздегі жылдың үш айында 3 кг 739 г 608 мг есірткі заттары, соның ішінде 1,748 кг героин, 1,888 кг марихуана, 100 г гашиш тәркіленген.

Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың наурызында облыстық прокурордың бекіткен арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралары нәтижесінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментінің қызметкерлері Жаңаөзенде құрықтаған топтан 1,3 кг героин табылып, тәркіленген.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ұсталған адамдар екі жыл бойы героин сатумен айналысқан. Маңғыстау облысына осы уақыт ішінде есірткі заттары еш кедергісіз әкелініп отырған.

«Есірткі заттары Маңғыстау облысымен шектесіп жатқан Түркіменстан және Өзбекстан елдерінен тасымалданған»,- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті