Қызылордадағы балалардың жаппай улануы сапасыз айран ішкеннен кейін болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордадағы балалардың жаппай улануы сапасыз айран ішкеннен кейін болуы мүмкін

Қызылордадағы балалардың жаппай улануы сапасыз айран ішкеннен кейін болуы мүмкін

АСТАНА. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Санитарлық дәрігерлердің болжамына сүйенсек, Қызылордадағы балалардың жаппай улануы сапасыз айран ішкеннен кейін болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 26 Сәуiр 2007
  • 555
Фото - Caravan.kz

�Алдын ала жасалған болжам бойынша, жаппай улану 25-сәуірде түстен кейін сапасыз айран ішуден кейін болған�,- деді агенттік тілшісіне Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің облыстық департаментінің директоры Ерсұлтан Қуандықов. �Сапасыз өнімді �Ақнұр� ЖШС дайындағаны белгілі болды�,- деп қосты ол.

Бұрын хабарлағанымызда, өткен түнде Қызылорданың ауруханаларына астан уланған 168 бала жеткізілген. № 8 мектеп-интернатынан астан уланған әртүрлі жастағы 137 бала облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына және 6 адам �Денсаулық� ЖШС жекеменшік ауруханасына жеткізілген. Қазіргі уақытта осы мектептің 8 оқушысы жансақтау бөлімшесінде жатыр. № 1 мектеп-интернатынан �Денсаулық� ЖШС жекеменшік ауруханасына 25 адам жеткізілген. Сондай-ақ, облыстық туберкулезге қарсы балалар шипажайынан 15 баланың астан уланғандығы туралы хабар келіп түскен. Балаларға сол жерде медициналық көмек көрсетілген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті