ТМД атқару комитеті үстіміздегі жылы қылмыспен күрес жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған үш бағдарламаның жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД атқару комитеті үстіміздегі жылы қылмыспен күрес жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған үш бағдарламаның жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр

ТМД атқару комитеті үстіміздегі жылы қылмыспен күрес жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған үш бағдарламаның жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр

АСТАНА. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Үстіміздегі жылы қылмыспен күрес жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған үш бағдарламаның жобасы әзірленеді. Бұл туралы ТМД мүше елдердің қылмыспен күресте ынтымақтастықты жүзеге асырушы органдардың 4-ші үйлестіруші кеңесінің аяқталуына қатысты өткен баспасөз мәслихатында ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасары Владимир Гаркун мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 26 Сәуiр 2007
  • 464
Фото - Caravan.kz

«Үстіміздегі жылы қылмыспен, есірткі бизенсімен, лаңкестікпен және экстремизммен күресудің біріккен іс-әрекеттерінің 2008-2010 жылдарға арналған мемлекетаралық үш бағдарламасының жобасын әзірлеу туралы шешім қабылданды, ол ТМД мемлекеттерінің басшылары кеңесінің қарауына енгізіледі»,- деді В. Гархун.

Ол сондай-ақ, ТМД елдерінің сәйкес органдарының арасында ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымына, заңсыз көші-қонға қатысы бар тұлғалар немесе ұйымдар туралы жедел ақпараттар алмасу күшейтілетіндігін хабарлады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеңеске қатысушылар заңсыз көші-қон арналарын, есірткінің, қару-жарақтардың, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың заңсыз айналымын анықтау және оның алдын алуға бағытталған біріккен профилактикалық, жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларды жүргізу тәжірибесін одан әрі дамытудың орынды екендігін мойындап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті