«Қордай» өткізу бекетінің шекарлық наряды Қордай Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жедел мәліметтері негізінде көлік құралдары мен жүкті қарау барысында Қазақстаннан Қырғызстанға бет алған «Субару» жеңіл көлігін аса мұқияттылықпен тексерген. Шекарашылар көлік есігінің ішкі қапталына жасырылған 124 мың АҚШ доллары көлеміндегі контрабандалық ақшаны тауып, тәркілеген.
«Контрабандалық валютаған қатысы бар деген Қазақстанның екі азамты — көлік жүргізушісі мен ішінде отырған жолаушы құрықталды»,- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті