Шекарада героин партиясын алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарада героин партиясын алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды

Шекарада героин партиясын алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды

АСТАНА. 27 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында Қазақстан аумағына героин партиясын алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Сәуiр 2007
  • 355
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, шекарадан өтетін тұлғаларға шекаралық бақылау жүргізу барысында наряд назарына Қырғызстан азаматы іліккен. «Тінту барысында еркектің денесіне скотчпен жапсырылған героин салынған дорба табылған»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Тәркіленген есірткінің салмағы шамамен 650 граммды құрап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті