Сенат өздерінің түзетулері енгізілген азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заң жобасын мәжіліске жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат өздерінің түзетулері енгізілген азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заң жобасын мәжіліске жіберді

Сенат өздерінің түзетулері енгізілген азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заң жобасын мәжіліске жіберді

АСТАНА. 27 - сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар өздерінің түзетулері енгізілген "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заң жобасын мәжіліске жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 27 Сәуiр 2007
  • 379
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасының нормалары денсаулыққа зиянды емес және адам өміріне қауіп тудырмайтын өнімдерді өндіруші отандық тауарөндірушілерге қойылатын талаптарды қарастырады»,- деп айтылған Сенаттың аумақтық және салалық даму жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Атап айтқанда, қорытындыда атап көрсетілгендей, «заң жобасында азық-түлік өнімдеріне, оларды өндіру процессіне, пайдалануға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптарды қоятын бірыңғай ережені қолдану принциптері белгіленеді».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті