Шығыс Қазақстан облысында кене шаққан адамдардың саны 500-ден асты - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында кене шаққан адамдардың саны 500-ден асты

Шығыс Қазақстан облысында кене шаққан адамдардың саны 500-ден асты

СЕМЕЙ. 30-сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында маусымның басынан бері кене шаққан адамдардың саны 515-ке жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемилогиялық қадағалау департаментінен хабарлады.

  • 30 Сәуiр 2007
  • 397
Фото - Caravan.kz

«2007-жылдың 28-наурызы мен 26-сәуірі аралығында облыстың емдеу мекемелеріне кене шаққан 515 адам көмек сұрай келген. Соның ішінде эндемиялық қалалар мен аймақтардан 475 адам бар. Олардың 35 проценті немесе 166-сі — 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер»,- деп хабарлайды мемлекеттік санитарлық эпидемилогиялық қадағалау департаментінен. Департаменттегілердің атап көрсетуінше, қазіргі жағдаймен облыста кене энцефалиті тіркелген жоқ.

Эпидемиолог-дәрігерлердің ақпаратына сәйкес, зардап шеккендердің 87 проценті иммуноглобулин екпесін алды. «Қалғандары дәрігерге кешігіп келуге байланысты серопрофилактикалық шараға қамтылған жоқ». Мамандардың нақтылауынша, облыстың эндемиялық аумақтарындағы емдеу-профилактикалық мекемелерде кенеге қарсы иммуноглобулин жеткілікті.

Мемлекеттік санитарлық эпидемилогиялық қадағалау департаментінен хабарлағанындай, көп жылғы қадағалауға сәйкес, кене шағуы салдарынан зардап шегетіндер ең көп тіркелетін уақыт — мамырдың бірінші және екінші онкүндігі. Метеомониторинг мәліметіне сәйкес, 2007-жылы сәуірдегі орташа айлық температура 2006-жылғы көрсеткіштен екі есе артық. Бұл кенелер саны мен олардың белсенділігінің артуына әсер етті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті