«Бір ай бұрын Бас прокуратура Ішкі істер министрлігінің атына жол полициясының іс-қызметіндегі заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жолдаған болатын. Ұсыныс қаралған, және де ішкі істер министрінің ресми жауабында, тек қылмысты есепке алудан жасырып қалу дерегі бойынша ішкі істер органдарының 50 астам қызметкері жауапқа тартылғандығы хабарланған»,- деді С. Нұрпейісов.
Атап айтқанда, Бас прокуратураның ресми өкілінің ақпараттарына сүйенсек, аймақтық ішкі істер департаменттерінің 52 қызметкері, соның ішінде 16 басшы тәртіптік жауапқа тартылған. «Сонымен қатар, Астана мен Алматыда, Алматы және Қарағанды облыстарында жол-көлік оқиғаларын тергеу барысында заң бұзушылықтарға жол берген бірқатар анықтаушылар қызметтерінен босатылған немесе қызметіне толық сәйкеспеу туралы ескерту жасалған»,- деп қосты С. Нұрпейісов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті