Мекеме ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Шиелі ауданында, қала үлгісіндегі Шиелі ауылында болған. 4-мамырда 1 сағат 30 минутта Сексеуілбек-Түркістан арасында қатынайтын №616 поездың астына 25-30 жас шамасындағы жігіт түсіп қалды. Ол оқиға орнында жан тапсырды.
Темір жол көлігінің қозғалысы 23 минутқа үзілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті