Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткіні Павлодар шекара отрядының «Қосақ авто» бөлімшесінің қызметкерлері тауып тәркіледі. «Көлік құралдары мен жүктерді арнаулы техникалық құралдармен тексеру барысында Қазақстаннан Ресейге бет алған BMW автокөлігінің жанармай құятын құтысынан шикі апиын салынған 14 пластик бөтелке табылды», деп хабарлайды шекарашылар. Есірткінің жалпы салмағы 10 килограмнан асады.
Шекарашылардың мәліметінше, автокөлік жүргізушісі — РФ азаматы ұсталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті