«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 62 -ші мерейтойы қарсаңында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының саяси кеңесінің бюросы жалпы ел халқына, саяси партияларға, барлық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің басшыларына Жеңіс күнін тойлау дәстүрін сақтап қалу және оны дамыту үшін күш біріктіруге шақырып мәлімдеме жолдайды»,- делінген мәлімдеме мәтінінде.
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жалпы адамзаттың одан әрі даму барысына түбегейлі әсер етті»,- делінген құжатта. «Бұл туралы өскелең ұрпақ біліп өсуге, біздің аталарымыз бен әкелеріміздің даңқты дәстүрлеріне тәрбиеленуге тиіс», деп санайды партияның саяси кеңесіндегілер.
«Біздің пайымдауымызша, құрбан болғандардың ескерткішіне бас ию, бастарын ақ шалған ардагерлерді құрмет тұту, халықтың тарихи жадының эстафетасын ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру еліміз үшін де, жалпы дүниежүзі үшін де айрықша маңызды. Өздерінің жауынгерлік ерліктерімен, еңбегімен, өмірдегі белсенділігімен ардагерлеріміз бүкілхалықтың құрметі мен ілтипатына ие болды»,- делінген мәлімдемеде. «Даңқты жеңімпаздар ұрпағының толыққанды өмір сүруіне лайықты жағдай жасау — баршамыздың парызымыз»,- делінген құжатта.
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының саяси кеңесінің бюросы қазақстандықтарды соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін қамқорлыққа алып, оларды әлеуметтік тұрғыда қорғауға, олардың біліктілігі мен өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу ісіндегі өмірлік ауқымды тәжірибесін белсенді пайдалануға шақырдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті