Каспийдегі өлген итбалықтардың саны 885-ке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Каспийдегі өлген итбалықтардың саны 885-ке жетті

Каспийдегі өлген итбалықтардың саны 885-ке жетті

АСТАНА. 7-мамыр. Kazakhstan Today. Каспий жағалауындағы өлген итбалықтардың саны 885-ке жетті, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

  • 7 Мамыр 2007
  • 498
Фото - Caravan.kz

«6-мамыр 18.00-дегі жағдаймен өлген итбалықтардың саны 885-ке жеткен, олардың 687-і итбалықтардың төлдері, ал қалған 198-і ересек итбалықтар»,- деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, итбалықтардың өліктері бірінші рет Қаламқас және Қаражанбас кеніштерінің маңындағы Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауынан 30-наурызда табылған болатын. Теңіз жануарларының жаппай қырылуының себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылған болатын.

Итбалықтардың қырылу себебі әзірге анықталмай отыр. Алдын-ала берілген мәліметтер бойынша, Каспийдегі итбалықтардың жаппай қырылуы ауа райының қолайсыздығынан болған: қыстың өте жылы болуы Солтүстік-Шығыс Каспийдің басым бөлігінің бетіне мұздың қатуына мүмкіндік бермеген, бұл итбалықтардың күшіктеу кезінде келеңсіздік тудырады. Сонымен қатар, Биологиялық қауіпсіздік пробламаларын ғылыми-зерттеу институтының жүргізген зерттеулері жануарлардың өлігінен етқоректілердің оба қоздырғышын тапқан.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті