2007-жылдың 3-мамырындағы жағдаймен еліміздегі заңдастырылған мүліктің жалпы құны 2,735 млрд долларды, заңдастырылған қаржы көлемі 1,096 млрд долларды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылдың 3-мамырындағы жағдаймен еліміздегі заңдастырылған мүліктің жалпы құны 2,735 млрд долларды, заңдастырылған қаржы көлемі 1,096 млрд долларды құрады

2007-жылдың 3-мамырындағы жағдаймен еліміздегі заңдастырылған мүліктің жалпы құны 2,735 млрд долларды, заңдастырылған қаржы көлемі 1,096 млрд долларды құрады

АСТАНА. 7 -мамыр. Kazakhstan Today . 2007-жылдың 3-мамырындағы жағдаймен еліміздегі заңдастырылған мүліктің жалпы құны 2,735 млрд долларды, заңдастырылған қаржы көлемі 1,096 млрд долларды құрады. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Мамыр 2007
  • 544
Фото - Caravan.kz

«Еліміз бойынша заңдастырылған мүліктің жалпы құны 328,1 млрд теңге, немесе $2,735 млрд, заңдастырылған қаржының жалпы көлемі 131,6 млрд теңге, немесе $1,096 млрд болды», — дедіН. Рахметов. Оның айтуынша, аймақтар бойынша алғанда Алматы (106,8 млрд теңге), Астана (9,9 млрд теңге), Алматы облысы (3,7 млрд теңге) алдыңғы орында келеді. «6,3 млрд теңге шетелдерден келді», — деді салық комитетінің төрағасы.

Н. Рахметовтың ақпаратына сәйкес, республикалық бюджетке заңдастыру төлемі ретінде 15,3 млрд теңге алым жиналды. «Салық органдары арқылы іс жүзінде 406 мың өтініш бойынша 26,2 млрд теңгенің мүлкі заңдастырылды», -деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті