4-мамыр күні таңертең Қарасай аудандық сот үкімін орындатушылар қоғам басшылығына үйлердің бұзылатындығын хабарлаған. Оқиға орнына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы, АҚШ елшілігі мен БАҚ өкілдері келді.
Кришнаиттердің өздерінің айтуынша, сот үкімін орындатушылар «Қарасай аудандық әкімшілігі сот шешімінің тез арада орындалуын талап етіп жатқандықтан» үйлер бұзылады деп сендірген. Сонымен бірге сот үкімін орындатушылар қазір қоғам мен Қазақстан үкіметі арасында жүргізіліп жатқан келіссөздердің «үйлерді бұзу жөніндегі шешімді алып тастауға негіз бола алмайды» деп мәлімдеген.
Қоғам басшылығы бұл оқиға туралы Бас прокуратураға, президент әкімшілігі мен діндер ісі жөніндегі комитетке хабарлаған.
Кришнаиттердің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, «діндер ісі жөніндегі комитеттің қызметкері Людмила Даниленко комитет төрағасы Ералы Тоғжановтың атынан қоғамға қатысты ахуалға қатысты шын мәнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады». Сонымен бірге оның мәлімдеуінше, комитеттегілер үйлерді бұзу туралы бастама көтеріп жүргендердің кім екенін білгісі келеді. Өйткені, даулы мәселе шешілгенге дейін күш қолданбау туралы уағдаластық жасалған.
Кришнаиттердің хабарлауынша, Алматы облысы мен Қарасай аудандық әкімшілігіндегілер діндер ісі жөніндегі комитет өкілін кришнаиттердің үйлерін бұзуға кім жарлық бергенінен хабарсызбыз деп сендірген. «Алматы облыстық әкімшілігінің діндер ісі жөніндегі комитетіне хабарлауынша, әкімшілік үйлерді бұзу туралы пәрмен бермеген. Қарасай аудандық әкімшілігі де кришнаиттердің үйлерін бұзу туралы кім жарлық бергенін білмейміз деп жауап берді»,- делінген хабарламада.
Осындай ақпараттардан кейін қоғам иелігінде тоқ пайда болды. «Сот үкімін орындатушылар айтылған күні қоғам аумағына келмей қалды, үйлер де бұзылған жоқ»,- делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті