«Отандық дихандардың жалпы сұранысының көлемі 330 мың тоннаға тең. Қазіргі жағдаймен тұтастай алғанда елімізде бұл сұраныс 93 процентке қанағаттандырылды. Бұл өткен жылғы деңгейден жоғары, былтыр осы мерзімде аталмыш көрсеткіш 85 процент болған»,- деді Д.Айтжанов.
Оның айтуынша, «жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің атына шаруа қожалықтарынан қандайбір өкпе-наз айтылып жатқан жоқ, тауқымет байқалмайды».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті