Қазақстандық шекарашылар есірткі партиясы мен валюта контрабандасының жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық шекарашылар есірткі партиясы мен валюта контрабандасының жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар есірткі партиясы мен валюта контрабандасының жолын кесті

АСТАНА. 7-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар 3 килограмм есірткі партиясы мен 100 мың ресей рублі көлеміндегі валюта контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 7 Мамыр 2007
  • 435
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысында «Айша бибі» шекаралық бақылау бөлімінде көлік құралдары мен жүктерді тексеру барысында Ош-Новосибирск бағытында жол тартқан «Мерседес Бенц» шағын автобусының жолаушысы ұсталды. Қырғызстан азаматының жүктерін тексерген кезде оның сөмкесінің қосалқы түбінен ірі көлемде есірткі партиясы табылды. «Жалпы салмағы 3 килограмм героин тәркіленді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Павлодар облысында «Өрлі төбе» бақылау бекетінде көлік құралдарын тексеру барысында Павлодардан Омбыға бет алған бағытты автобуспен келе жатқан Қазақстан азаматы ұсталды. «Оны ұстауға себеп — 100 мың ресей рублі көлеміндегі валютаны декларацияда көрсетпеу болып табылды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті