Семейде арнаулы комиссия заттай дәлел болған 20 кг астам есірткіні жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде арнаулы комиссия заттай дәлел болған 20 кг астам есірткіні жойды

Семейде арнаулы комиссия заттай дәлел болған 20 кг астам есірткіні жойды

СЕМЕЙ. 7 - мамыр. Kazakhstan Today. Семейде арнаулы комиссия заттай дәлел болған 20 кг астам есірткіні жойды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеу басқармасының аға тергеушісі Ермек Исапіров хабарлады.

  • 7 Мамыр 2007
  • 430
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараттарына сүйенсек, құрамына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің, прокуратураның өкілдері, сонымен қатар сот атқарушысы кірген арнаулы комиссия 21 кг 664 г марихуана мен 8 г героинді өртеді. «Бұл өткен жылдың қазанында есірткі сатқандығы үшін ұсталған 30 жастағы семейлікке қатысты істе заттай дәлел болған»,- деп түсіндірді Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің аға тергеушісі.

Е. Исапіровтың айтуынша, «Шығыс» ықшамауданының бір тұрғынының есірткі сатумен айналысатындығы туралы ақпарат жедел арналар арқылы түскен. Арнайы тексерулер жүргізу барысында бұл мәліметтер расталған болатын. Есірткі сатушыны қылмыс үстіне ұстаған, оның сөмкесінен Новопокровкаға сату мақсатында алып бара жатқан есірткі топтамасы табылған. Еркек қамауға алынған болатын. Тауар тәркіленіп, сот шешімінен кейін жойылды.

Сот ұсталған азаматты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабына (сату мақсатында есірткі заттарын заңсыз сақтау) сәйкес мүлкін тәркілеумен 10 жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті