Қазақстан әуе қатынастарындағы транзит жөніндегі келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан  әуе қатынастарындағы транзит жөніндегі келісімді бекітті

Қазақстан әуе қатынастарындағы транзит жөніндегі келісімді бекітті

АСТАНА. 7-мамыр. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанды халықаралық әуе қатынастарындағы транзит жөніндегі келісімге біріктіру туралы" заңға қол қойды ,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Мамыр 2007
  • 359
Фото - Caravan.kz

Заң «Қазақстан Республикасының халықаралық әуе қатынастарындағы транзит жөніндегі келісімді бекітуі туралы», деп аталады.

Келісім халықаралық тұрақты әуе тасымалын дамытуға септігін тигізеді.

Келісімнің ережелері азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне бағытталған тараптардың кез-келген әрекетіне шектеу қоймайды. Келісуші мемлекет екінші елдің авиакәсіпорны кәсіпорын заң бұзған немесе келісімдегі міндеттемелерін орындамаған жағдайда рұқсат бермеу немесе берілген рұқсатты қуатсыз ету құқығына ие болмақ.

Құжат ережелеріне сәйкес, келісуші жақтар келесі тарапқа өз аумағы арқылы қонбай ұшып өтуге, коммерциялық емес мақсатпен қонуға артықшылық береді.

Қазақстанның бұл келісімге бірігуі ел аумағы арқылы халықаралық әуе рейстері жасайтын транзиттен қосымша кіріс табуға мүмкіндік береді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті