Қарағандыда жабылған Майқұдық шахтасында газдан улану салдарынан үш жұмысшы мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жабылған Майқұдық шахтасында газдан улану салдарынан үш жұмысшы мерт болды

Қарағандыда жабылған Майқұдық шахтасында газдан улану салдарынан үш жұмысшы мерт болды

АСТАНА. 8-мамыр. Kazakhstan Today. Қарағандыда жабылған Майқұдық шахтасында газдан улану салдарынан үш жұмысшы мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Мамыр 2007
  • 521
Фото - Caravan.kz

Мекеем ақпаратына сәйкес, 2003-жылы жойылып, «Карагандаликвидшахт» компаниясына берілген Майқұдық шахтасында 7-мамырда 11 сағат 20 минутта жұмыс кезінде төңірекке газ жайылу салдарынан 55, 54 және 24 жастағы үш жұмысшы оқиға орнында қаза тапты.

Қаза тапқандардың мәйітін ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің «Көмір» әскерилендірілген апаттан құтқару қызметі» РҚКК-нің 8 адамы мен 3 техникасының күшімен жер бетіне шығарылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті