Б. Торғауытовтың айтуынша, бірнеше күн бұрын Созақ ауданыда малды сою барысында 20 жасар тұрғын крым-конго қан безгегі дертін жұқтырған. Аудандық ауруханада жігітке алдын-ала өткір респираторлық вирусты індет диагнозын, кейіннен бруцеллез диагнозын қойған, бірақ кейіннен крым-конго қан безгегі диагнозы расталды.
«Созақ ауданында, крым-конго қан безгегінің табиғи ошағында бұрыннан бері бұл ауруға қарсы тұратын жалғыз дәрі болып табылатын жақсы иммундық өңделген, яғни құрамында антителолары бар қанның қоры құрылған»,- деп хабарлады Б. Торғауытов. Оның айтуынша, науқасқа қан құйылған, оның жағдайына қауіп төніп тұрған жоқ».
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, 2006 жылы крым-конго қан безгегі диагнозы облыстың бес тұрғынына қойылып, олардың үшеуі көз жұмған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті