«Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғалым Жұмжаевтың үстінен «қызметтік құзыретін асыра пайдалану жөніндегі» бап бойынша қылмыстық іс қозғалды»,- деді С.Өтембаев. «Бұл жер қатынастары саласындағы заң бұзушылық деректерінің беті ашылуға байланысты»,- деді қаржы полициясы.
Басқарма бастығының айтуынша, қазір алдын-ала тергеу жүргізіліп жатыр, оның барысында «басқа да тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту» мәселесі көтерілуі мүмкін.
Ғ.Жұмжаев облыс орталығының әкімі лауазымын 2002-жылдың қазан айы мен 2006-жылдың ақпан айлары аралығында иемденген. Бұдан кейін ол облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметті ол өткен жылғы күзге дейін атқарып, облыс әкімі лауазымына Өмірзақ Шүкеев келгеннен кейін қызметінен босатылды.
Ғ.Жұмжаевтан кейін Шымкент әкімі орынтағында Өмірзақ Әмет отырды. Қазіргі қала әкімі — Анарбек Орман.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті