Батыстан соққан жел секундына 18 — 23 метр жылдамдықпен Қызылорданы басып өткен және де дүйсенбіде 19 сағат шамасында желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен.
«Қатты желдің салдарынан облыстық қаржы полициясы департаментінің ғимаратының 1680 шаршы метрді алып жатқан шатыры, «Сыбаға» базарындағы сауда бутиктерінің — 15 шаршы метр аумақтағы шатыры ұшып кеткен, Қазыбек би көшесінде орналасқан тұрғын үйдің 200 шаршы метрлік шатыры да жартылай бүлінген»,- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Сонымен қатар, бірнеше ағаштар да құлап қалған.
Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Қазіргі уақытта материалдық шығын көлемі анықталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті