«Екінші он жылдықтың басында біз әлімдік астық экспорттаушылардың бестігіне кіру жөнінде міндет қойып отырмыз. Ол үшін барлық жағдай бар», — деп атап өтті премьер-министр. «Елде жер ресурстары жеткілікті, ауа-райы мен жаңа технологиялар бидайдың бірнеше түрлерін өсіруге, оның ішінде қатты және төзімді сорттарын егіп, шығаруға мүмкіндік береді», — деді ол.
Қ. Мәсімов атап өткеніндей, ҚР үкіметінің іс-қызметі қазақ бидайының мүмкіндіктерін нығайтуға бағытталатын болады. Ол айтқанындай, әсіресе, елімізде биоэнергетиканың дамуына назар аударылады.
Премьер айтқанындай, қазақ бидайына деген сұраныс жыл сайын өсіп, жағрафия жағынан жақын және алыс 44 мемлекетке экспортталуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті