Бидай мен ұн экспортының сауда-саттығынан түсетін табыс көлемі $1,4 млрд құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бидай мен ұн экспортының сауда-саттығынан түсетін  табыс көлемі $1,4 млрд құрайды

Бидай мен ұн экспортының сауда-саттығынан түсетін табыс көлемі $1,4 млрд құрайды

Астана. 29 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бидай мен ұн экспортының сауда-саттығынан биыл түсетін табыс көлемі $1,4 млрд құрайды. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Екінші астық форумында ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қараша 2007
  • 573
Фото - Caravan.kz

«Бидай мен ұн экспортының саудасынан 2007 жылы түсетін табыс мөлшері $1,4 млрд құрайды. Егер бесжылдық көрсеткіштерімен салыстыратын болсақ, табыс 2 есеге көтерілді», — деп атап өтті ол.

Ауыл шаруашылық вице-министрінің сөздеріне қарағанда, 2006/07 маркетингтік жылдары бидай мен ұнды сыртқа сату көлемі өсіп, 9 млн тоннаға жетті. «Соңғы екі жылда біз 3,6 млн тонна ұнды экспорттадық, ал бұл соңғы алты жылда сыртқа сатылған көлем көрсеткішіне тең «, — деді А. Күрішбаев.

Оның пікірінше,» жер өңдеу жұмыстарына жүйелі түрде көңіл бөлініп, себу көлемі ұлғайтылып ауыл шаруашылық өнімдерін шығаратындарға мемлекеттік қолдау көрсетілгендіктен, бидай өндірісінің дамуына қол жеткізілді «.

Бүгінде қазақ бидайы 44 елге экспортталады. Вице-министр атап өткеніндей, бұл ТМД (47%), Таяу Шығыс (23%), ЕО (8%).

«Биыл қазақ бидайы алғаш рет Венгрия нарығына, Бангладеш, Танзанияға жөнелтілді. Енді Қытай бағытын дамыту жөнінде жоспарлар жасалуда», — деп атап өтті А. Күрішбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті