Қазақстан парламенті Польшамен арадағы әуе қатынасы туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті  Польшамен арадағы әуе қатынасы туралы келісімді бекітті

Қазақстан парламенті Польшамен арадағы әуе қатынасы туралы келісімді бекітті

Астана. 29 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Польша Республикасының үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы заңын қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 29 Қараша 2007
  • 337
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісімнің мақсаты Қазақстан мен Польша аумақтары арасында әуе қатынасын орнатуға құқықтық негіз қалауға саяды.

Келісім ережелерне сәйкес, «тараптардың авиекәсіпорындары белгіленген бағыт бойынша шартты желілерді пайдаланған жағдайда бірқатар құқықтарға ие болады». Атап айтсақ, оларға «келісімге қатысушы бір мемлекеттің аумағы арқылы жолай қонбай ұшып өтуге, келісімге қатысушы келесі мемлекеттің аумағына коммерциялық емес мақсатпен қонуға, келісімге қатысушы екінші мемлекеттің аумағында бортқа халықаралық бағытта тасымалданатын жолаушыларды, жүктер мен поштаны қабылдау немесе оларды түсіру мақсатымен келісілген жерлерде қонуға құқылы».

Келісімге 1997 жылдың 27 қарашасында Варшавада қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті